«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 18 ақпан сағат 15-00-де Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көш., 85, 3 қабат мекенжайы бойынша Жолаушыларды және багажды тұрақты республикаішіліқ автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысушылар сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, конкурсқа қатысу үшін ZOOM платформасына қосыла алады. Конкурсқа маршруттардың мынадай лоттары ұсынылады:
Лот № |
Маршруттың атауы |
Қашық тығы, км |
Лот № |
Маршруттың атауы |
Қашықтығы, км |
Республикаішілік қалааралық маршруттар |
|||||
1 |
Әулиекөл-Қостанай-Әулиекөл |
112/112 |
3 |
Перелески-Қостанай-Перелески |
156/156 |
2 |
Забеловка-Қостанай-Забеловка |
250/250 |
4 |
Сарыкөл-Қостанай-Сарыкөл |
141/141 |
Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автобустары, шағын автобустары бар, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдаудың осы түрін ұйымдастыруға және автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етуге қабілетті жеке және заңды тұлғалар қатысады, "автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-10) тармақшасына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға үміт білдіргендер конкурстық құжаттама жинағын алуға арналған жазбаша өтінімдерін «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не мына мекенжайы бойынша береді: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат.
Конкурстық құжаттамаларды алуға арналған өтінімдерді және Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі сағат 18-30-ға дейін 2025 жылдың 3 ақпаны.
2025 жылғы 22 қаңтарда конкурсты өткізу мәселесі бойынша алдын ала конкурс конференциясы мына мекенжайда өткізіледі: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат, сағат 15-00-де. Конкурсқа қатысушылар конференцияға қатысу үшін сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, ZOOM платформасына қосыла алады.
Конкурс туралы мәліметтер «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ kolikgol.kostanay.gov.kzресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Анықтама алу үшін мына телефонға шағымдануға болады: 543-724.