Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны қалай алуға болады.

Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны қалай алуға болады.

НҚА-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 Бұйрығы.

 Өтінішті қабылдау және нәтижені беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі:

 

Лицензиялық алым " салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінде (салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензия бергені үшін-алым төленген күні қолданыста болатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдегені үшін-лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % ;

3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін-лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100%.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе ЭҮТШ арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;

2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

лицензия алу үшін ЗТ өтініші немесе лицензия алу үшін ЖТ өтініші;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

 

2) порталға:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

 

 

Біліктілік талаптары:

  1. меншік немесе өзге де заңды негіздерде иелену құқығында автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
  2. меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базаның не ұйыммен (ұйымдармен)жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
  3. автобустар мен шағын автобустарды (автомобиль көлігі саласындағы жоғары немесе арнаулы орта білім туралы), жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруді жүргізу үшін қызметтер мен білікті персоналдың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері
  4. тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері
  5. автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының көшірмелері
  6. жеке тұлға үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің немесе жүргізуші құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің көшірмелері-заңды тұлға үшін, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат
  7. тасымалдауды жүзеге асыру қауіпсіздігіне жауапты адамды айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері