- Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызмет "автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңымен; жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен реттеледі.
- Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тұрақты тасымалдарға жатпайтын тасымалдаулар. Жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда лицензияға қосымша қайта ресімделуге жатады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 33 – бабының 3-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Тұрақты емес тасымалдау жеке және заңды тұлғалардың бір реттік тапсырыстары (өтінімдері) бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы тасымалдар белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
- Автовокзалдармен, автостанциялармен, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен және кассалық пункттермен жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жүзеге асырылмайды. Автовокзалдармен, автостанциялармен және кассалық пункттермен жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға билеттерді сатуға тыйым салынады.
- Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы автокөлік құралында рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан және автокөлік құралын техникалық байқаудан өткені туралы белгілері бар борттық журналдың болуын қамтамасыз етеді.
- Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
- Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде аялдама пункттері жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді қамтамасыз етуі тиіс және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерімен сәйкес келмеуі тиіс. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустарды жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінде тоқтату, сондай-ақ оларға жолаушыларды отырғызу және түсіру жүзеге асырылмайды.
- Жолаушылар мен багажды (таксиден басқа) автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы:
1) заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
2) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан және автокөлік құралын техникалық байқаудан өткені туралы белгісі бар борттық журналдың болуы;
3) жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді қамтамасыз етуге міндетті;
3-1) "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру туралы ақпарат беруге;
4) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.
- Республикаішілік қатынаста тұрақты емес тасымалдар кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты Тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында жазбаша нысанда екі данада – Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалады.
Бұл ретте шартта көзделуге тиіс:
1) шарттың мәні;
2) сапардың мақсаты;
3) қозғалыс бағыты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;
4) жеткізу мерзімі;
5) тасымалдау ақысы;
6) Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
8) дауларды шешу тәртібі;
9) жолаушылар тізімінің болуы.