Ағымдағы жылғы 20-22 қаңтар аралығында ЖПҚ ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп "Автобус"жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді.
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында сағат 8-00-ден 11-00-ге дейін Рудный қаласына кіре берісте Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, ЖПҚ, ИТК қызметкерлерінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен кезекті рейдтік іс-шара өткізілді. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 4 әкімшілік материал жасалды (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 3-бөлігі);