Жолаушыларды және багажды тұрақты ішкі республикалық автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жолаушыларды және багажды тұрақты ішкі республикалық автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстық құжаттама жиынтығы

«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 16 ақпан сағат 15-00-де Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көш., 85, 3 қабат мекенжайы бойынша Жолаушыларды және багажды тұрақты республикаішіліқ автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысушылар сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, конкурсқа қатысу үшін ZOOM платформасына қосыла алады. Конкурсқа маршруттардың мынадай лоттары ұсынылады:

Лот №

Маршруттың атауы

Қашық  тығы, км

Лот №

Маршруттың атауы

Қашықтығы, км

Республикаішілік қалааралық маршруттар

1

Қостанай-Большая Чураковка-Қостанай

63/63

2

Амангелді-Қостанай-Амангелді

440/440

Конкурсқа меншік нысанынан тәуелсіз, меншік құқығы немесе басқа заңды негіздемелері бойынша автобустарға, микроавтобустарға ие болған, жолаушыларды және багажды тасымалдауын ұйымдастыруға қабілетті және автобустар мен микроавтобустарға жөндеу мен техникалық қамсыздандыруды жасай алатын әр жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға үміт білдіргендер конкурстық құжаттама жинағын алуға арналған жазбаша өтінімдерін «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не мына мекенжайы бойынша береді: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат.

Конкурстық құжаттамаларды алуға арналған өтінімдерді және Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі сағат 18-30-ға дейін 2026 жылдың 30 қаңтар.

2026 жылғы 21 қаңтарда конкурсты өткізу мәселесі бойынша алдын ала конкурс конференциясы мына мекенжайда өткізіледі: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат, сағат 15-00-де. Конкурсқа қатысушылар конференцияға қатысу үшін сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, ZOOM платформасына қосыла алады.

Конкурс туралы мәліметтер «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ kolikgol.kostanay.gov.kzресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Анықтама алу үшін мына телефонға шағымдануға болады: 543-724.