Мемлекет басшысымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында ағымдағы жылдың 28 мамырында Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Көлік және логистика: Қостанай облысының даму векторы" тақырыбы атты дөңгелек үстел өткізді. Көлік логистикасын дамыту-ел экономикасының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Көлік ішкі экономиканың аса маңызды секторы болып табылады және Қостанай облысы тиімді көліктік-экономикалық жағдайы, үлкен еңбек ресурстары, қазіргі заманғы телекоммуникациялық желісі бар, шектес мемлекеттерге жылдам және жедел шығуы бар республиканың ірі өңірлерінің бірі болып табылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұрыннан бар жобалар мен өзекті көліктік-логистикалық шешімдерді дамыту перспективаларын талқылады, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдарды дамыту, логистикалық орталықтарды, құрғақ порттарды және жүк тасымалдарын дамыту бойынша пікір мен ұсыныстар алмасты.