Жітіқара ауданында жолдардағы қауіпсіздік пен тәртіпті арттыру үшін заманауи технологиялар енгізілуде

Жітіқара ауданында жолдардағы қауіпсіздік пен тәртіпті арттыру үшін заманауи технологиялар енгізілуде

Мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету жөніндегі тапсырмасының шеңберінде Жітіқара ауданында қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтар арасында жауапты жүріс-тұрысты қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыстың маңызды бағыттарының бірі-жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін бақылауды күшейту.
Осыған байланысты Жітіқара ауданында үш жаңа "Ekin Box Spotter" аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастады. Бұл жылдамдықты түсіретін және автомобильдердің мемлекеттік нөмірлерін анықтайтын жасанды интеллект элементтері бар мобильді жүйе.
Тек ағымдағы айда екі кешеннен 91 бұзушылық тіркелді. Көбінесе жүргізушілер белгіленген жылдамдықтан асып кетуге қатысты бұзушылықтар жасайды.
Бұдан бөлек, ауданда тағы екі "АвтоУраган" кешені жұмыс істеуде. Олар:
"KST Trade" жанармай құю бекеті аумағында қаладан шығу орында;
профилакторий аумағында орналасқан.
Сонымен қатар, қалада 300-ден астам бейнебақылау камералары орнатылған, оларды жедел басқару орталығының операторлары бақылайды. Олардың көмегімен:
түймеленбеген қауіпсіздік белдігі;
көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану;
абаттандыру ережелерін бұзу;
қоғамдық орындардың ластану фактілері тіркеледі.
Бұл жұмыс құқықтық тәртіпті нығайтуға, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және Жітіқара ауданының тұрғындары үшін неғұрлым қауіпсіз және жайлы ортаны қалыптастыруға себептеседі.