Забеловка ауылы әкімінің аппараты Қостанай облысы әкімінің тапсырмалары аясында ауыл аумағында рұқсатсыз қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта:
•анықталған қоқыс орындары «дейін» және «кейін» фотофиксациясымен жедел түрде жойылуда;
•қоқыс орындарының қайта пайда болуына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Жою мерзімі — анықталған сәттен бастап 2 апта ішінде.