Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жітіқара ауданында көше жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жітіқара ауданында көше жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Биылғы жылы 11,7 км көшеге жарық орнату жұмыстары жүргізіліп, бұл жарықтандырылуын 100 пайыздық көрсеткішке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыстар аясында көше жарықтандыруының 437 бағаны сырланып шықты.
Аталған жобаларды іске асыру жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыруға, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ аудан елді мекендерінің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал етеді.