2025 жылғы 26 қыркүйекте Забелов жалпы білім беретін мектебінде ауыл әкімі Турабаев М.С. тұрғындармен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауыл әкімі 2025 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын баяндап, ауыл әкімдігінің қызметіндегі негізгі бағыттар — абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, жолдарды жөндеу және күтіп-ұстау мәселелеріне тоқталды.