2025 жылғы 27 мамырда Забелов ауылының әкімі Турабаев М.С. Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Забелов жалпы білім беретін мектебінің жас мамандарымен кездесу өткізді.
М.С.Турабаев кандидаттарға қойылатын талаптарды, оның аясында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу және іріктеу кезеңдері жүзеге асырылатын базалық бағыттарды түсіндірді.