Жітіқаралықтар отбасыларын адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқаудың мақсаты:
✔ отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану.
✔ ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.
✔ отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау.
✔ қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Қатысуға кімдер шақырылады?
✔ Еңбек, спорт, ғылым, шығармашылық салаларында жетістікке жеткен отбасылар.
✔ Қоғамдық қызметпен (қайырымдылық, еріктілік және т.б.) белсенді айналысатын отбасылар.
❌ Байқауға сотталған немесе тыйым салынған ұйымдарға мүше болған отбасылар қатыса алмайды.
Қалай қатысуға болады?
Өтінімдер қағаз және электронды түрінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-не қабылданады.
Өтінімнің үлгісін Жітіқара ауданы әкімдігінің сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/995781?lang=kk жүктеп алуға болады.
✉ Электронды пошта: zhit-politika@yandex.kz
☎ Анықтама телефоны: 2-37-74
Аталған іс-шарада атсалысуға және тату, табысты отбасыңыз бен салт-дәстүрлеріңіз көрсетуге шақырамыз!