
Интернет-портал құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының qamqor.gov.kz сайты азаматтарға құқықтық статистика және құқық қорғау қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ыңғайлы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Порталдың негізгі сервистерінің бірі – «Полицияға арыз беру». Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды электрондық форматта нақты уақыт режимінде бере алады. Берілген арыз ақпараттық жүйедегі «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне» электрондық есепке алу кітабы арқылы тіркеледі. Бұл оның ресми түрде тіркелуін қамтамасыз етіп, өтінішті негізсіз жасыру мүмкіндігін болдырмайды.
Қылмыстық қудалау органдарына, оның ішінде учаскелік инспекторға жеке жүгінген кезде өтініш берушіге бірегей нөмірі бар талон-хабарлама беріледі. Оның көмегімен Порталдағы «Полицияға берген арызыңызды тексеріңіз» сервисі арқылы арыздың қаралу барысы туралы ақпарат алуға болады.
Тағы бір сұранысқа ие сервис – «Айыппұлдарыңыз туралы біліңіз». Бұл сервис төленбеген әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді. Мұндай тексеру өте маңызды, өйткені азамат тағайындалған әкімшілік жаза туралы білмеуі мүмкін, ал берешектің болуы кейбір жағдайларда белгілі бір шектеулерге, соның ішінде ел аумағынан шығуға тыйым салуға әкеп соғуы мүмкін.
Осылайша, Порталды пайдалану азаматтарға қажетті ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы алуға, өз өтініштерінің қаралу барысын бақылауға және мемлекеттік органдарға жеке бармай-ақ берешектерінің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, полицияға арызды электрондық форматта беру мүмкіндігі уақытты едәуір үнемдеп, азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын барынша қолжетімді етеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті