
Кездесу барысында Жітіқара ауданының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп ұсынылды. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған түрлі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесуге ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, Жітіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері, Жітіқара қаласы мен ауданның полиция бөлімінің өкілдері, мал дәрігері, БАҚ өкілі, халық саны – 43 адам қатысты.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер беріліп, толық жауаптар ұсынылды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылауға және оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.