"Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде жергілікті әкімдік пен прокуратура органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде Жалағаш ауданының 14 ауылы алкоголь өнімін сатудан бас тартып, "Алкогольсіз ауыл"мәртебесіне ие болды.
Бұл-қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.
Айта кету керек, жыл басында тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының 87 пайызы "Алкогольсіз ауыл"бастамасын қолдады.
2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша мас күйінде жасалған қылмыстар саны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға төмендеді.
Дереккөз: https://kzvesti.kz/glavnye-novosti/v-kyzylordinskoj-oblasti-14-aulov-otkazalis-ot-alkogolja-153037