ІІМ жасөспірімдерді интернетте "дроп" рөліне қалай тартатынын көрсетті

ІІМ жасөспірімдерді интернетте "дроп" рөліне қалай тартатынын көрсетті

 

 

Ішкі істер министрлігі ескертеді: интернетте алаяқтар жасөспірімдерді банк карталарымен байланысты заңсыз схемаларға тартуы мүмкін. Әдетте бәрі мессенджерде, онлайн ойында немесе әлеуметтік желіде бір хабарламадан басталады. Бейтаныс адам "жеңіл табыс" ұсынып, картаға түскен ақшаны басқаға жіберуді немесе қолма-қол ақшаға айналдыруды сұрайды. Шын мәнінде бұл ұрланған қаражатты жымқыру схемасы болып саналады. Алаяқтар ізін жасыру үшін "дроптарды" пайдаланады: ақша бөгде шоттар арқылы өтіп, ал ұйымдастырушылар жасырын қалады. Мұндай операцияларға тіпті байқамай қатысу да ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан ІІМ ескертеді: банк картасының деректерін және банк қосымшалары туралы мәліметті бөгде адамдарға бермеңіз; ақшаны аудару арқылы "жеңіл табыс табу" туралы ұсыныстарға келіспеңіз; күдік туындаса, міндетті түрде ата-анаңызға немесе өзіңіз сенетін ересек адамға хабарлаңыз.

#ЗаңменТәртіп