
«Адам папиллома вирусымен (АПВ) байланысты онкологиялық аурулардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында Қазақстанда вакцинацияланатындардың жас санаты кеңейтілді. Енді 14 пен 17 жас аралығындағы қыздар екпені ерікті түрде ала алады», – деп хабарлады Қостанай облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.
Оның айтуынша, вакцинация ақпараттандырылған келісім алынғаннан кейін білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Вакцина – АПВ-дан туындайтын аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді тәсілі.