«Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 10 сәуірде сағат 15:00-де Ырсай ауылында Ырсай әкімдік ғимаратында келесі күн тәртібімен жергілікті қоғамдастық жиыны өтетінін хабарлайды:
- Жеке сектордағы мал жаюды ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын сақтау туралы.
- "Таза Қазақстан" акциясын өткізу туралы. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын сақтау туралы.
- "Алкогольсіз Ауыл" акциясын өткізу туралы.
- Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
- Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы.
- Суда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру туралы.
- Алаяқтықтың алдын алу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары.