
Қостанай облысында «Отан отбасынан басталады: халық таңдауы – ел болашағы» атты форум-фестиваль өтті. Іс-шара Наурыз мерекесі мен Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылып, өңір тұрғындарын бір арнаға тоғыстырды. Фестивальдің басты мақсаты – отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлердің маңызын айшықтау.
Қатысушылар ұлттық киімдердің жарқын көрсетілімдерін тамашалап, түрлі шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық салт-дәстүрлерге негізделген мерекелік көріністер арқылы шынайы халықтық мейрамның атмосферасын сезінді.