
«Мамедов» ЖК аудандық маңызы бар жолдарды, оның ішінде Дзержинское, Тохтаров, Забелов, Глебов, Шевченко ауылдарына кіреберіс жолдарды, сондай-ақ Жітіқара – Берсуат автожолын тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыстарға екі автогрейдер, иірмекті ротор және аспалы жабдығы бар КАМАЗ техникасы тартылды.
Қала аумағында көшелерді тазалау жұмыстары «Темп 2» ӨКФ,, ЖШС күшімен жүзеге асырылды. Жұмыстарға автогрейдерлер, тиегіштер, самосвалдар және аспалы жабдығы бар МТЗ тракторы пайдаланылды. Қаланың ескі бөлігінде және кварталіші өтпе жолдарда тазалау жұмыстарын арнайы техника тарта отырып, «Сарымсаков Е. А.» ЖК орындады.
Қаланың тазалығын қамтамасыз етуге ПИТК мен МИБ де өз үлестерін қосуда. Таңертеңнен бастап аула сыпырушылар аула маңындағы аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.