
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жітіқара ауданында санитарлық жағдайды жақсарту және аумақтарды абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Есепті кезеңде жалпы көлемі 6 481 м³ болатын рұқсатсыз қоқыс орындары жойылды.
Қала шағынаудандары аумағында ірі габаритті қалдықтарды (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.) жинауға арналған 18 қоршалған алаңшалар жұмыс істейді, осы алаңшалардан 1 900 м³ қоқыс шығарылды.
Бұдан бөлек, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 47 контейнер алаңшалары (205 контейнер) дайындалып, орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.