Қостанай облысында 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жалғасуда.

Қостанай облысында 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жалғасуда.

 

 

Бағдарлама жеке тұрғын үйі жоқ, еңбек етіп жүрген жастарды қолдауға бағытталған.

Бағдарлама іске асырылған уақытында 344 жас маман тұрғын үй алды, қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрады. 2025 жылы желтоқсан айында Қостанай облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында 1 млрд теңге сомасына шарт жасалды.

Өтінім қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 5–26 қаңтар аралығы.

Бағдарламаға белгіленген талаптарға сай келетін 34 жасқа дейінгі жас мамандар қатыса алады.

 

Бағдарламаға қатысу шарттары, қажетті құжаттар тізімі және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпаратты ресми сайттан көруге болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat