БРУЦЕЛЛЕЗ ТУРАЛЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

БРУЦЕЛЛЕЗ ТУРАЛЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

 

БРУЦЕЛЛЕЗ - адамның (барлық ағзаны зақымдайды) және жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруы, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

 

АДАМ БРУЦЕЛЛЕЗДІ МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙДА  ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН:

- ауру малмен (ұсақ және ірі қара мал, шошқа) және итпен  байланыста болған және сойған кезде,  оның ішінде тууы  кезеңінде.

- ауру жануарлардың шикі еті мен сүт өнімдерін қолдану кезінде;

- ауру жануарлардың жүні мен терісін өңдеу кезінде.

 

БРУЦЕЛЛЕЗ ДІҢ БЕЛГІЛЕРІ:

буындардағы, арқадағы үзіліссіз ауырсыну, күштің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы (ұзақ уақыт), тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақ.

     

НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ:

- жануарларды бруцеллезге тексеріп, мал дәрігеріне ауру және түсік туралы хабарлаңыз;

- мал сою және мал бағу кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, жұмыс киімін қолданыңыз;

- балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді малдың тууы кезеңінде жұмысқа тартпаңыз;

- даладағы сауда орындарында ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.