
3–7 қараша аралығында Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Чемпионатқа Қазақстан мен Қытайдан келген 92 қатысушы 13 құзырет бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Қостанай облысының намысын ERG колледждер альянсының 8 студенті 8 құзырет бойынша абыроймен қорғады.
Жітіқара ауданынан қатысып, жүлдегер және жеңімпаз атанған политехникалық колледждің студенттері:
Алтын жүлде — Дәнекерлеу технологиялары — Гадлевский Александр Владимирович
Сарапшы: Исркепов Самат Төлегенұлы
Алтын жүлде — Слесарлық іс — Байтуов Руслан Азаматович
Сарапшы: Адамбаев Булат Құрманғалиевич
Күміс жүлде — Электромонтаж — Ярошевич Данил Сергеевич
Сарапшы: Исмурзинов Тимур Серікұлы
Күміс жүлде — Маркшейдерлік іс және геодезия — Демиденко Роман Александрович
Сарапшы: Ябыков Елдос Сағидұқасұлы
Байқау нәтижесі бойынша Қостанай облысы командалық есепте 3-орынды иеленді.