
Жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде және келісілген кестеге сәйкес нОР-23 тобының білім алушылары оқытушымен бірлесіп "Қостанай минералдары"АҚ-ның өнеркәсіптік аймағына барды. Экскурсия барысында балалар тау-кен-көлік кешенінің жұмысымен танысты, онда табиғи минералдарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процесі туралы білді. Кәсіпорын өкілдері компанияның тарихы мен құрылымы, өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен жабдықтар, сондай-ақ сұранысқа ие жұмысшы кәсіптері мен жұмысқа орналасу перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.