Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде алаяқтыққа, әсіресе оның интернет-түрлеріне қарсы кешенді тәсіл таныстырылған брифинг өтті.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде алаяқтыққа, әсіресе оның интернет-түрлеріне қарсы кешенді тәсіл таныстырылған брифинг өтті.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде алаяқтыққа, әсіресе оның интернет-түрлеріне қарсы кешенді тәсіл таныстырылған брифинг өтті. Ерекше назар профилактика мен құқықтық сауаттылықты арттыруға аударылды. «Алаяқтардан қорғаныс» жобасы аясында өңірде кең ауқымды ақпараттық науқан жүргізілуде. Ондаған билбордтар мен LED-экрандар орнатылып, 1300-ден астам еңбек ұжымымен кездесулер өткізілді, жалпы 75 мыңнан аса адам қамтылды. Жастармен және аға буын өкілдерімен белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Біз бұл мәселені тек қылмыстық істер арқылы шешу мүмкін еместігін түсінеміз, – деді Қостанай облысы прокурорының көмекшісі Ержан Сериков. – Қаржылық қауіпсіздік ең қарапайым нәрседен басталады – білім мен мұқияттылықтан. Біз: «сақ адамды заң қорғайды» дейміз. Сондықтан негізгі назарымызды профилактикаға, ақпараттық жұмыстарға және азаматтарға нақты әрі түсінікті кеңестер жеткізуге бағыттап отырмыз.

«Жастар – әділ қоғамның іргетасы» жобасы арқылы біз алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастырып келеміз. Әр тұрғын мына нәрсені есте ұстауы керек: егер сізге «банк атынан» қоңырау шалып, СМС-код сұраса – демек, бұл банк емес. Трубканы қойыңыз. Әңгімеге араласпаңыз. Бұл ереже автоматты деңгейде есте сақталуы тиіс».

#заңментәртіп