Бұл бағытта өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
📌 Соңғы үш жылда 56 млрд теңгеге 58 жоба жүзеге асырылды. Қамту деңгейі қалада – 99%, ауылда 73,9 %-тен 91,3%-ке жетті.
📌 2023–2024 жылдары 20 мыңға жуық үйдің шаңырағына таза ауыз су кірді.
📌 Биыл тағы 2 қала мен 37 ауылдың 32 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамту жоспарлануда.
📌 Жобалардың құнын үш есеге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізілуде.
📌 Мемлекет ауыз су жеткізу шығындарының 98%-ін субсидиялап отыр, сондықтан халық тек 55–70 теңге көлемінде ғана төлейді.
Жыл соңына дейін облыс халқының 100%-ін сапалы ауыз сумен қамту жоспарда тұр.
Бұл – ең маңызды әлеуметтік басымдық, және бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғаса береді.