26 тамызда Карл Маркс көшесінде "Таза қала" экологиялық акциясы ұйымдастырылды

26 тамызда Карл Маркс көшесінде "Таза қала" экологиялық акциясы ұйымдастырылды

26 тамыз күні, Жітіқара ауданы әкімдігініңішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Таза қала»
экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Neco» экологиялық клубыұйымдастырып, оған Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығы мен Жітіқара
қаласы және Жітіқара ауданы полиция бөлімдері қатысты. Акция барысындақатысушылар қаладағы ластанған аумақтардың бірін қоқыстан, жапырақтардан және өзге
де қалдықтардан тазартты. Әрбір адам экологияны жақсартуға өз үлесін қосаалатынын есте сақтау маңызды, ал мұндай іс-шаралар тек тазалық орнатып қана
қоймай, адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шабыттандырады.#Таза_Қазақстан
#tazaqazagstan
#Біртұтас_тәрбие