Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техника тілін жетік меңгерген маман Куйшинов Жантлес Муратбековичпен таныстырамыз.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техника тілін жетік меңгерген маман Куйшинов Жантлес Муратбековичпен таныстырамыз.

 


Жантлес Муратбековичтің Қостанай облысы, Жітіқара қаласындағы «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС экскаватор машинисі болып еңбек етіп жүргеніне 16 жылдан асты. Жалпы еңбек өтілі - 18 жыл.

Ол үшін экскаватор - жай техника емес. Әр бөлшегін жатқа білетін Жантлес Муратбекович тау-кен жұмыстарын сапалы әрі қауіпсіз орындап, жас мамандарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Жаңадан келген мамандарды өндіріс өміріне баулып, әрдайым қасынан табылып отырады.

Тәртіпті, жауапты, жан-тәнімен жұмысын сүйетін бұл еңбек адамы - ұжымның мақтанышы. Еңбегі еленіп, 2019 жылы кәсіпорынның бас директорының, ал 2023 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#ГодРабочихПрофессий