Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру абаттандыру және өңір аумақтарын тазарту жұмыстары туралы баяндады.
⚫️Оның мәліметінше, 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылды. Бұл орындар отбасылық демалыс пен қарым-қатынас орталықтарына айналды.
4 мың көшеге 48 мыңнан астам шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бастап 57%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл елді мекендерді жайлы әрі қауіпсіз етті. Биыл жарықтандыру жұмыстары аяқталады.
🛠191 көппәтерлі үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, таза келбетін қалыптастырады.
🌲Қостанай облысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2,5 жыл ішінде 338 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.