
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы төмен азаматтар мен отбасыларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып табылады.
АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген қажеттілік өлшеміне жетпейтін отбасыларға беріледі. Бұл қолдау шарасының негізгі мақсаты-өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету және олардың әл-ауқатының деңгейін арттыру.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің табыстары ескеріледі. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысуға тиіс.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беруге болады:
* электрондық үкімет порталы арқылы;
* ауыл, ауылдық округ әкімдігінде;
* жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде;
* "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Қосымша ақпарат алу және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңес алу үшін тұрғындар ауылдық округ әкімдігіне немесе халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдарына жүгіне алады.
Мемлекет оған шынымен мұқтаж адамдарға қолдау көрсетеді.