
«Орлёнок» балалар сауықтыру лагерінде 21-ші Жас инспекторлар слетіне қатысушылар үшін мазмұнды күн ұйымдастырылды. Балалар таңғы жаттығу жасап, түрлі байқауларға қатысып, би кешінде көңіл көтерді.Сонымен қатар Қазақстанның 20 облысы мен ТМД-ның 6 елінен келген патрульдік полицияның үгіт-насихат бөлімшелерінің қызметкерлері тестілеуден өтіп, кейін өзара тәжірибе алмасты және профилактикалық жұмыстардың тиімді әдістерін талқылады.Жас инспекторлар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабаққа қатысып, қажетті дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгерді. Сондай-ақ бөлімшелердің өкілдері де алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
#ЗаңменТәртіп #ЗакониПорядок