Қазақстанда мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізудің жаңа ережелері әзірленді

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізудің жаңа ережелері әзірленді

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізудің жаңа ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау;
жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен алып тастауға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
анықталған мемлекеттік қызметтерді енгізу немесе тізілімнен алып тастау;
тізілімнің мазмұнын өзектендіру (жаңарту) тұрғысынан оның мониторингін жүргізу.
тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» веб-порталында өзектендіру (жаңарту).

Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар:

жыл сайын тізілімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
уәкілетті органға тізілімге өзгерістер енгізу жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыныстар немесе мәліметтер береді.

Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Ереже сондай-ақ жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу тәртібін айқындайды.

«Жасырын» мемлекеттік қызметтің белгілері.

Жасырын мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша анықталады (өтініш немесе сұрау салу нысанында):

Жасырын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік функцияларды іске асыру шеңберінде нақты, әдетте үлгілік нысаны болады: құжат түрінде (анықтама, шешім/қаулы, үзінді, хаттама, көшірме, рұқсат немесе лицензия) және әрекет түрінде (тізілімде/тізбеде тіркеу немесе одан алып тастау, жәрдемақы бөлу және т.б.).
Жасырын мемлекеттік қызметтің жоғары статистикасы (ұсынылатын белгісі) және өтініштердің біртектілігі бар.

«Жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;
«жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;
уәкілетті органға тізілімге толықтыруларды мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізу жөніндегі ұсыныстарды немесе мәліметтерді ұсынады;
«жасырын» қызметті тізілімге енгізумен келіспеген жағдайда, «жасырын» мемлекеттік қызметті енгізу мәселесі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.

Тізілім құрылымы

Тізілім:

мемлекеттік қызметтің атауы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы;
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы;
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы.

Тізілімді жіктеу:

қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер топтамасын білдіретін бөлімдер;
көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер топтамасы болып табылатын кіші бөлімдер;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім жіктемесінің барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі.

Құжат Ашық НҚА сайтында 30 қаңтарға дейін көпшілік талқылауы үшін орналастырылған.

Бұл ретте Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы бұйрығымен бекітілген бұрын қолданыста болған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары күшін жояды.

Бұған дейін біз Қазақстанда мемлекеттік қызметтер тізілімі кеңейтілетінін, атап айтқанда, оған «жасырын» қызметтер енгізілетінін хабарлаған болатынбыз.