
Бруцеллез - ауру, негізінен ауыл шаруашылығы жануарларынан адамға тікелей жанасқан кезде, жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген, жұқтырылған ет-сүт өнімдерін тұтыну кезінде жануарлардан алынатын шикізат (тері, түбіт және т.б.) арқылы берілетін және ағзалардың көптеген зақымдануымен сипатталатын жіті инфекциялық-аллергиялық, зооноздық ауру және ағза жүйесінің созылмалы ағымына бейімділігі.
Қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталуға қабілетті ерекше бактериялар - бруцеллалар тудырады.
Жұқтыру жағдайларының көпшілігі жұқтырылған жануармен, күтім заттарымен, төсеніштермен, жемшөп қалдықтарымен тікелей жанасу кезінде болады. Бұдан басқа, ауру малдан алынған өнiмдердi (сүт, сүт өнiмдерi, ет, ет өнiмдерi) тұтыну кезiнде инфекцияның алиментарлық таралу жолы iске асырылады.
Бруцеллалар жоғары жұқпалылыққа ие, зақымдалмаған шырышты қабықтар арқылы және тері қабатының шағын жарақаттары арқылы кіреді.
Мұздатылған жұқтырылған ет және сүт өнімдерінде бруцеллалар барлық сақтау мерзімі ішінде өміршең болып қалады.
Бруцеллезбен жұқтыру ықтималдығы жоғары:
бактериялар жұқтырған сиырлардан, ешкілерден немесе басқа да жануарлардан пастерленбеген сүт өнімдерін тамаққа тұтыну кезінде;
бруцелла таралған аудандарға саяхаттайтын;
ет өңдеу зауытында, фермада немесе қасапханада жұмыс істеу кезінде.
Алдын алу
Эпидемиологиялық қолайсыз аудандарда бруцеллез профилактикасының негізгі әдісі - кәсіптік тәуекел топтарынан 18 жасқа толған адамдарға ешкі-қой типіндегі ошақтарда жүргізілетін вакцинация.
Бруцеллезге қарсы жоспарлы иммунизацияға:
мал союды, одан алынған өнімді дайындауды және өңдеуді жүзеге асыратын ет өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері;
бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтардағы мал өсірушілер, ветеринариялық қызметкерлер, зоотехниктер;
бруцелланың тірі өсірінділерімен және бруцеллез қоздырғышын жұқтырған зертханалық жануарлармен жұмыс істейтін бактериологиялық зертханалардың қызметкерлері.
Вакцинация жыл сайын жүргізіледі.
Бруцеллездің алдын алу мақсатында:
үй жануарларын егу;
ветеринариялық қызметті хабардар етпей жануарларды сатып алуға, сатуға, союға тапсыруға және мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге жол бермеңіз;
ет және ет өнімдерін (тартылған ет, шұжық, жартылай фабрикаттар), зауытта өндірілмеген сүт және сүт өнімдерін стихиялық рұқсат етілмеген базарларда сатып алмаңыз;
жеке өндірушіден сатып алынған сүтті, сүт өнімдерін және жануарлардан алынатын өнімдерді тек мұқият термиялық өңдеуден кейін ғана пайдаланыңыз;
пастерленбеген сүт өнімдерінен бас тартыңыз;
Егер сіз мал шаруашылығы өнеркәсібінде жұмыс істесеңіз - резеңке қолғаптарды пайдаланыңыз.