
Өңірде жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бағытындағы жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Республикалық қордан облысқа ветеринариялық препараттардың алғашқы партиясы жеткізілді — 2,2 млн доза, бұл жылдық көлемнің 37,5%-ын құрайды.
2026 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 6,8 миллионнан астам ветеринариялық шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде профилактикалық өңдеулер мен диагностикалық зерттеулер қамтылған. Алдын алу жұмыстары 13 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын нақты есепке алу жұмыстары да жалғасуда.
Өңірдегі эпизоотиялық жағдай ветеринариялық қызметтің тұрақты бақылауында.