Қостанай облысында өрт саны азайған

Қостанай облысында өрт саны азайған

2025–2026 жылдардың жылу беру маусымының басталғалы облыс аумағында 218 өрт тіркелген, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 3,1%-ға аз.

Өрттердің негізгі себептері – пештер мен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу аясында әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындардың үйлеріне 100% тексеру жүргізілді (7429 үй), оның нәтижесінде 1621 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, нұсқаулықтар мен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Сонымен қатар көмірқышқыл газ датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда: 2025 жылғы маусымнан бастап 2233 датчик орнатылған, ал 2019 жылдан бері жалпы саны шамамен 9 мыңға жеткен.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — өмір мен мүлікті сақтаудың кепілі.