
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. 18 ақпан күні құптан намазынан кейін мешіттерде тарауық намазы оқылады. Бұл – мұсылман жамағаты үшін сауапқа толы, рухани тазаруға бастайтын ерекше ай.
Қадір түні – 16-нан 17-наурызға қараған түн.
Ораза айт – 20 наурыз.
Пітір садақасының мөлшері – 735 теңге.
Рамазан – сабыр мен шүкіршіліктің, мейірім мен кешірімнің айы. Бұл күндері әрбір мұсылман ізгі амалдарын көбейтіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жүрегін жақсылыққа толтыруға ұмтылады. Осы берекелі айда тұтқан оразамыз, оқыған дұғамыз бен жасаған қайырымды істеріміз қабыл болсын! Алла Тағала елімізге тыныштық, жұртымызға бірлік нәсіп етсін!