Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасына қатыстым

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасына қатыстым

Бұл — ауылды дамытудың басым бағыттарын нақты талқылауға арналған маңызды алаң.

Мемлекет басшысы «әкім — ең алдымен халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші» екенін ерекше атап өтті. Бұл сөз әрбір әкімге тұрғындардың мәселелерін тыңдау мен оларды шешуге бағытталған қызметті талап етеді.

Жиында ауыл инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті басқарудың сапасын жоғарылату мәселелері талқыланды. Әңгіме нақты нәтижеге бағытталып, конструктивті өтті.

Келесі кезеңде ауыл әкімдері панельдік сессияларда жұмысын жалғастырады: нақты мәселені терең талқылап, тәжірибе бөлісіп, практикалық ұсыныстар дайындаймыз.

Осы кездесуден алған міндеттермен оралып, әрбір ауылда көзге көрінетін өзгерістер үшін жүйелі түрде жұмыс істейтін боламыз.