Мұнда өз өмірлерін Отанға қызмет етуге арнаған қырғыз халқының даңқты ұлдары, сондай-ақ сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген. «Ата-Бейіт» кешенінің атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынды.
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағында орнатылған 1916 жылғы қайғылы оқиғалар құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды