Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен келді

«Манас» халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Ертең президенттер екіжақты келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.