
Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың және ұлттық жоғары оқу орындарының халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын, есептілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Есеп беру кездесуі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференцбайланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастырыла отырып өткізіледі.
Есеп беру кездесуі өткізілуінен бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.
Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдау өткізілсін, олардың барысында әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық жəне өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда жəне "электрондық үкіметтің" веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі орталық атқарушы органдардың, әкімдіктердің ресми аккаунттарында және министрлер мен әкімдердің жеке аккаунттарында есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін және алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын;
2) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын ашық деректердің интернет-порталына жəне орталық, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының блог платформасына, сондай-ақ өтініштердің басқа да нысандарында келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтарды жинауды, талдауды жəне іріктеуді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 10.01.2018 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары есепті кездесу аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізілген есепті кездесулердің қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлесін.
Ескерту. Жарлық 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 10.01.2018 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында және бар болған жағдайда әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1) орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруінің үлгілік нысандарын дайындауды және бекітуді;
2) жыл сайын, 15 қаңтарға қарай орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халық алдында есеп берулер өткізу кестесін дайындауды және бекітуді;
3) ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуын;
4) алып тасталды - ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
5) орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың ресми интернет-ресурстарында әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелердің қатарынан өз құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін тоқсан сайын өзектілендіре отырып орналастыруын;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша халықпен есеп беру кездесулерінде көтерілген проблемаларды шешу жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 24.02.2020 № 272 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1) "Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 648-құжат);
2) "Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және "Елорданың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың рейтингтері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 500 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 776 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 186-құжат).
15. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.