Жітіқара ауданында Қостанай облысы әкімінің тапсырмасы бойынша өңірдің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп аумағында шағын футбол алаңы мен тартан жабыны бар жүгіру жолының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
Жітіқаралықтар үшін көптен күткен оқиға қала құраушы кәсіпорындарымыз - «Костанайские минералы» АҚ және «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС арқасында мүмкін болды.
«Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС қаражаты есебінен құны 20,2 млн. теңгелік шағын футбол алаңы орнатылды. Сонымен қатар кәсіпорын жаңа алаңда өткен аула футболынан дәстүрлі турнирдің демеушісі болды.
«Костанайские минералы» АҚ қаражатына 23,6 млн.теңге сомасына тартан жабыны бар жүгіру жолы салынды.
Мұндай спорттық сыйлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында және Қала күні қарсаңында өскелең ұрпаққа қамқорлық пен ауданның спорттық инфрақұрылымын дамытуға ұмтылысты бейнелейтін маңызды оқиға болды.