Степное ауылындағы Халықтар бірлігі күніне арналған іс-шаралар

Степное ауылындағы Халықтар бірлігі күніне арналған іс-шаралар

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Степное ауылында спорттық іс-шаралар өтті. Степной орта мектебінің оқушылары (қыздар 60 м, ұлдар 100 м) арасында жеңілатлетикалық жарыс және мектеп оқушылары, жастар командасы және спорт ардагерлері арасында футболдан турнир өткізілді. Спорттық жарыстарға барлығы 45-тен астам адам қатысты. Жеңімпаздар грамоталармен және естелік кәдесыйлармен марапатталды.