Жітіқара ауданы әкімінің Степной ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті

Жітіқара ауданы әкімінің Степной ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті

Бекітілген кестеге сәйкес Жітіқара ауданының әкімі Степной ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, елді мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, тұрғындарды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және халықты толғандыратын өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Ашық диалог форматында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелерді көтерді. Әрбір көтерілген мәселе бойынша аудан әкімі тиісті түсініктемелер беріп, жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтерге оларды жан-жақты пысықтап, қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

Мұндай кездесулер жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы өзара байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге және тұрғындармен сындарлы диалог орнатуға ықпал етеді.