Қостанай облысы жазғы туристік маусымға дайындалуда

Қостанай облысы жазғы туристік маусымға дайындалуда

«Өңірде жазғы туристік маусымға дайындық жұмыстары жалғасуда. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға және туристік қызметтердің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде», – деді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің басшысы Наиль Новотеев.

Облыста 26 ресми жағажай бекітілген. Қазіргі таңда демалыс орындарын абаттандыру, құтқару инфрақұрылымын жаңғырту және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде.