"Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Степное ауылында ауыл әкімі аппаратының ғимаратында 2026 жылғы 21 сәуірде сағат 11:00-де жергілікті қоғамдастықтың келесі күн тәртібімен жиыны өтетінін хабарлайды:
- «Степной ауылдық округінің аумағын санитарлық тазарту және "Таза Қазақстан"республикалық экологиялық акциясын өткізу айлығы туралы»
- «Жеке сектордағы ірі қара малды, ұсақ малды, жас малды және жылқыларды жаю туралы»
- «Жеке сектордағы мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаю туралы, "Алкогольсіз ауыл" жобасын қолдау туралы»
- «Степной ауылының ІҚМ сәйкестендіру және жеке секторының көктемгі профилактикалық іс-шараларының қорытындылары туралы».