СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІ 2026: ОБЛЫСТА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІ 2026: ОБЛЫСТА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қостанай облысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Қостанай облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Айдос Ахметов мәлімдеді.

Қазіргі таңда 88 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды: жалпы ұзындығы 53,7 шақырым болатын қорғаныс валдары нығайтылды, Тобыл өзенінің жағалауы бекітілді, мыңдаған су өткізу құрылыстары мен нөсер кәріз жүйелері тазартылды. Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында 213 мың текше метрден астам мұзды жару жұмыстарының көлемі айқындалды.

ЖЖМ, инертті материалдар мен қаптар қоры дайындалды, зардап шеккен тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша келісімдер жасалды. Өңірде 12 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 111 уақытша орналастыру пункті белгіленді.

Су тасқыны салдарын жою үшін екі мыңнан астам адам мен 415 бірлік техникадан құралған топ жасақталды. Тоғыз мобильді бөлімше алдын ала су тасқыны қаупі жоғары аудандарға жіберіледі.