Облыс әкімінің тапсырмасы аясында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.К. Танжарықов жұмыс сапарымен Жітіқара ауданын аралап шықты.

Облыс әкімінің тапсырмасы аясында  Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.К. Танжарықов жұмыс сапарымен Жітіқара ауданын аралап шықты.

Сапар барысында ең алдымен республикалық маңызы бар «Денисов – Жітіқара – Мүктікөл – РФ шекарасы» (Қондыбай ш/п) автожолының учаскесі қаралды. 51–74 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталған, қалған учаскелер келесі жылға жоспарланған.
Одан кейін Берік Қуанышұлы Жітіқара қаласында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Емхана ғимаратын қайта жаңғырту бойынша жөндеу жұмыстары қаралды, «Житикаракоммунэнерго» МКК-ның машина мен тетіктер паркі, орталық қалалық қазандықтың және су тазарту нысандарының жағдайы тексерілді.
Сонымен қатар Кенсай және Достық шағынаудандарындағы, сондай-ақ Уәлиханов пен Алтынсарин көшелеріндегі автомобиль жолдарының жағдайына инспекция жүргізілді.
Бұдан бөлек, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Серік Қарабеков 2026 жылға арналған жоспарлар туралы хабарлады. Атап айтқанда, «Денисов – Жітіқара – Мүктікөл – РФ шекарасы» автожолының 98–137 шақырым аралығындағы, жалпы ұзындығы 42 шақырымды құрайтын учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.