
Іс-шаралар аясында 815 ағаш бұтағына қырқу жүргізіліп, сондай-ақ кең көлемде жабайы өсетін шөп шабылды.
Жасыл аймақтарды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Жыл ішінде 3 617 көшеттер отырғызу жоспарланған болатын. Көктемгі кезеңде «Костанайские минералы» АҚ және «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС-нің қатысуымен 2 500 көшет, ал күзгі кезеңде тағы 1 305 көшет отырғызылды. Сөйтіп, іс жүзінде 3 805 жас көшет отырғызылды, бұл бастапқы жоспардан асады.
Ауданды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда, сонымен қатар тұрғындар үшін қолайлы және экологиялық жағымды ортаны қалыптастыруға бағытталған жаңа жобалары бар.