Бүгін – Қостанай облысы үшін айрықша күн.

Бүгін – Қостанай облысы үшін айрықша күн.

Біз 2023 жылдың қарашасында құрылысы басталған «Kia» автомобиль зауытының іске қосылуын атап өтудеміз.
Әлем тарихында алғаш рет «Kia» автоконцерні Корея Республикасынан тыс жердегі бірлескен кәсіпорын мен зауыт құрылысына тікелей инвестиция салды.
Жалпы инвестиция көлемі – 131,5 миллиард теңге, оның 90 пайызы – тікелей шетелдік инвестициялар.

Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру Мемлекет басшысының жеке қолдауы мен Қазақстан Үкіметінің белсенді қатысуының арқасында мүмкін болды.
Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді:
Индустриялық аймақтан барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылған 70 гектар жер телімі бөлінді.
Соның ішінде:
🚗 4,2 км автомобиль жолы,
🚉 5,25 км теміржол желісі,
⚡ 44,5 км инженерлік жүйелер тартылды.

Қостанай бүгінде Орталық Азиядағы автомобиль өнеркәсібінің орталығына айналуда.
Соңғы жылдары өңір жоғары технологиялы өндірістер алаңы ретінде өз орнын нықтай түсті.
«Kia» зауытының іске қосылуы – облыс экономикасының қозғаушы күші саналатын машина жасау саласын дамытудың жаңа кезеңі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 70 мың автомобиль.
Зауыт «ақылды өндіріс» қағидаты бойынша салынған, мұнда сандық технологиялар, автоматтандыру және жасанды интеллект негізгі рөл атқарады.
1 500 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде басым бөлігі жергілікті тұрғындарға арналған.

Біз біртіндеп толық циклды заманауи автомобиль кластерін қалыптастырып келеміз.
Өндіріс желілерін қажетті бөлшектермен қамтамасыз ету мақсатында автокомпоненттер өндіретін Локализация орталығының құрылысы жүзеге асуда, онда 800 жаңа жұмыс орны ашылады.

Осындай жобалардың арқасында Қостанай облысы еліміздің индустриялық жаңғыруының символына айналуда.